Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Көзді
лазерлік түзету

Көз көруін қалпына келтірудің заманауи және ауыртпалықсыз әдісі.

Процедура жергілікті тамшылатып жасалатын анестезиямен 5–10 минут ішінде өтеді.

Ұсынылатын жас тобы: 18–40 жас. 40 жастан асқан пациенттерге процедура көздің жақыннан көру ерекшелігін контакт линзалар арқылы жеке диагностикалау мен модельдеуден кейін жасалуы мүмкін.

Лазерлік көру түзетудің негізгі әдістері:

Неге бізді таңдайды?

  • Біздің мамандар инновациялық офтальмология саласында көпжылдық тәжірибеге ие.
  • Операциялар үшін жоғары сапалы бірегей рефракциялық жабдықтарды қолданамыз.
  • Хирургиялық емдеудің жеке бағдарламаларын құрамыз.
  • Пациенттің реабилитация барысын толық бақылау.
  • Мұның бәрі операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болжамды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2023 жылы ASTANA VISION клиникалар желісі ALCON (АҚШ) компаниясының жабдықтарында орындалған FemtoLASIK процедураларының көлемі бойынша бүкіл әлемде 4-ші орынды иеленді! Біз Қазақстанда технологиялық жағынан ең жетілдірілген SmartSight әдісін қолданатын жалғыз клиникамыз.

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Біздің рефракциялық хирургия саласындағы мамандарымыз.

Тәжірибесі: 14 жыл

Әбдірахманов Айтман Қайырұлы

Шымкент қ. клиника директоры, витреоретинальды офтальмохирург, катаракта және рефракциялық хирургтар қоғамының (ESCRS) мүшесі.
Тәжірибесі: 12 лет

Пак Елена Юрьевна

Жоғары санатты офтальмохирург, консультативтік-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі, рефракциялық офтальмохирург, Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтар қоғамының (ESCRS) мүшесі.
Тәжірибесі: 12 жыл

Тен Александр Игоревич

Жоғары санатты офтальмохирург, рефракциялық офтальмохирург, катарактальды офтальмохирург, Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтар қоғамының (ESCRS) мүшесі.
  • Операция құнына кіргендер: операцияға дайындық, операцияны жүргізу, ауырсынуды болдырмау, бір реттік қосымша материалдар;

  • Операциядан кейінгі 3 ай ішіндегі тексерулер тегін;

  • Қайталама операциялар, соның ішінде роговицалық лоскутты қайта орналастыру (репозиция), қайта тексеру (ревизия) ASTANA VISION клиникалар желісінде жасалған операциялардан кейін тегін жасалады, басқа жағдайларда бұл операциялар бірінші реттік операциялар ретінде есептеледі.

Бейнемазмұндар

  • Клиникамызда кешенді диагностикадан өтіп, жазылыңыз;
  • Назар аударыңыз: басқа қаладан келген пациенттер үшін! Егер сіз диагностикадан өтіп, көру қабілетін лазерлік түзету операциясын жасатқыңыз келсе, ASTANA VISION клиникасына операциядан бір күн бұрын – ДҮЙСЕНБІ, СЕЙСЕНБІ немесе СӘРСЕНБІ күні келуіңіз қажет және талдау нәтижелерін өзіңізбен бірге алып келуіңіз керек!
  • Операциядан 3-5 күн бұрын контактілі линзаларды тағынбаңыз;
  • Егер емхат қажет болса, емхат алу үшін клиникаға хабарласыңыз;
  • Операциядан кейін дәрігерге бару қажет! Операциядан кейінгі күні сізге белгіленген уақытта тексеруге келу қажет;
  • Өмір салтына біртіндеп көшеміз! Операциядан кейінгі күні сіз жуына аласыз, судың операцияланған көзге түсуіне рұқсат ете аласыз, косметика қолдана аласыз, келесі күні теледидар қарай аласыз, сонымен қатар көру қабілеті жоғары болса, автомобиль жүргізе аласыз;
  • Контактілі спорт түрлері (волейбол, баскетбол) операциядан кейін 1 айға дейін ұсынылмайды, ал баняға, саунаға бару операциядан кейін 2 аптаға дейін ұсынылмайды;
  • Қажет болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіздегі клиникада сізге 5 күнге дейін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама беріледі (емхат беру туралы алдын ала тұрғылықты жеріңіздегі дәрігермен келісу қажет!!!).
логотипы
Сіздің қалаңыз: