Көру қабілетін лазерлік түзету
SmartSight әдісімен
ReLEx SMILE әдісінен басты айырмашылықтары:
– SmartSight әдісінде лазерлік әсердің компьютерлік автоматты центрленуі мен астигматизм осін анықтау функциясының болуы түзетудің дәлдігі мен болжамдылығын арттырады;
– SmartSight әдісі ReLEx SMILE-ге қарағанда строманы (роговицаның ішкі қабаты) неғұрлым жақсы сақтайды, бұл жоғары дәрежелі миопияда немесе жұқа қасаң қабықта түзету жүргізуге мүмкіндік береді;
– Лазердің әсер ету аймағының оптикалық функционалды зонасының кеңеюі операциядан кейінгі көру сапасын ReLEx SMILE әдісіне қарағанда жақсартады;
– SmartSight әдісінде енгізілген трансзона операция нәтижелерінің тұрақтылығын арттырып, әлсіз жарықта және түнгі уақытта көруді жақсартады;
– Төмен қуатты энергияны пайдалану арқылы SmartSight әдісі қалпына келу процесін едәуір жылдамдатады.
Жоғарыда аталған артықшылықтарының арқасында SmartSight келесі жағдайларда тағайындалады:
- Миопия (алыстан көрмеу) – -8.00 диоптрияға дейін;
- Астигматизм – 6.00 диоптрияға дейін;
- Жалпы сфероэквивалент – -12.00 диоптрияға дейін.
Процедура жергілікті анестезиямен жүргізіледі, сондықтан пациент ешқандай ауырсыну немесе қолайсыздық сезінбейді.
Операциядан кейін келесі күні-ақ шектеусіз жайлы өмір салтына оралуға болады — спортпен шұғылдануға және күнделікті жұмысыңызды жалғастыруға рұқсат етіледі!
Неліктен лазерлік көруді түзету процедурасын ASTANA VISION клиникасында SmartSight әдісімен орындау қажет?
Орталық Азиядағы ең ірі офтальмологиялық клиникалар желісі — ASTANA VISION Қазақстанда алғаш болып және жалғыз мекеме ретінде инновациялық көруді түзету әдісін ұсынады.
Бізде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді — олар ондаған мың табысты операцияларды орындаған.
Клиника заманауи, толық жабдықталған аппараттармен қамтамасыз етілген, ал емдеу мен түзетудің ең соңғы әдістері қолданылады.
Қабылдауға жазылу
Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
Қызметтің құны
-
SmartSight (СмартСайт) 350.000
(бір көзге)